Блок бекетте көлік жүргізушісі әскери қызметкерді соққыға жыққан - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Блок бекетте көлік жүргізушісі әскери қызметкерді соққыға жыққан

Блок бекетте көлік жүргізушісі әскери қызметкерді соққыға жыққан

Алматы облысында бекетте билік өкілін соққыға жыққан бұзақы ұсталды.

  • 22 Сәуiр 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік жүргізушісі Райымбек ауылындағы карантиндік аумақта патрульдеп жүрген әскери қызметкерге жұдрық жұмсаған. 16 сәуір күні сағат 16-30 шамасында төтенше жағдай кезінде арнайы шақырылған құрамында екі әскери сарбаз бар патруль өздеріне бекітілген Қарасай ауданының Райымбек ауылының аумағын патрульдеген.

“Патруль талабы бойынша тоқтаған Лада Гранта көлігінің 51 жастағы иесі автокөліктен шығып, өзгелерінің алыста тұрғанын пайдаланып, 24 жастағы әскери сарбазды соққыға жыққан. Жергілікті тұрғын оқиға орыннан із суытқан. Қазіргі уақытта күдікті азамат ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды”,- деді Қарасай АПБ Тергеу бөлімінің тергеушісі Айдын Сейітов.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, яғни 2004 жылы денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат салғаны үшін сотталғаны анықталды.