Ол зорлау бойынша күдікке ілінген, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оны ұстау үшін арнайы «Сирен» жоспары енгізілген.
«Негізгі маршруттарда блокбекеттер қойылған және барлық күш пен құралдар қашқынды іздеуге және ұстауға бағытталған. Сонымен қатар, қашудың мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды», — деп хабарлады Алматы облысы ПД.
Баспасөз қызметі бұл жағдай облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін хабарлады.
Бұл ретте, желі қолданушылары Талғар тасжолында ұзын-сонар кептеліс болғанын хабарлады. Полиция барлық көліктерді тексеріп жатыр.