"Блоктап тастаған, мұғалімдерді мұң-мұқтажын тыңдағысы келмейді": Оқу-ағарту министрі танымал мұғалім блогерді желіде бұғаттап тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Блоктап тастаған, мұғалімдерді мұң-мұқтажын тыңдағысы келмейді": Оқу-ағарту министрі танымал мұғалім блогерді желіде бұғаттап тастаған

"Блоктап тастаған, мұғалімдерді мұң-мұқтажын тыңдағысы келмейді": Оқу-ағарту министрі танымал мұғалім блогерді желіде бұғаттап тастаған

Танымал блогер, ұстаз, желіге мұғалімдердің мұң-мұқтажын жеткізетін Бәкіжан Кәкім оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға шүйлікті.

  • 19 Желтоқсан
  • 23
Caravan.kz

Ол жаңа министр желіде өзін бұғаттап тастағанын жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Оқу-ағарту министрі мені әлеуметтік желіде бұғаттап тастаған екен. Парақшасын білмеймін кім басқаратынын, өзі ме, әлде көмекшілері ме? Әйтеуір мені блоктап тастаған екен.

Бұл әрекетін түсінген жоқпын. Өйткені ол кісіні қолдаған болатынмын. Депутаттық қызметтегі жасаған дүниелерін міне көрсетіп отырады екен деп. Жұмыс нәтижесін көрсетіп отырады екен деп салған болатынмын.

Сөйтіп әлеуметтік желіге пост салған болатынмын, ал қазір ол кісі мені бұғаттап тастаған екен. Бұл әрекетін мен мұғалімдердің мұң-мұқтажын тыңдағысы келмейтін адам деп топшыладым. Себебі менің әлеуметтік желіде, мұғалімдердің, жалпы жүйенің олқылықтары, мұң-мұқтажы айтылады.

Бұл әрекетті «Естуші Үкіметке» жасалып жатқан қиянат ретінде қабылдадым», — деді блогер.

Перейти к новостям спорта