BMW жүргізушісіз басқарылатын көлік шығармақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
BMW жүргізушісіз басқарылатын көлік шығармақ

BMW жүргізушісіз басқарылатын көлік шығармақ

Германияның BMW автомобильдік концерні жүргізушісіз басқарылатын көлік шығармақ.

  • 15 Сәуiр 2018
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды. 

Компания осыған байланысты Мюнхен жанынан ғылыми-техникалық қалашық салуды көздеп отыр. Құрастырушылардың айтуынша, бұл көліктер 2021 жылдан бастап сатыла бастайды. Қазір жоба сынақтан өткізіліп жатыр.

Жүргізушісіз басқарылатын көлікті үйден шықпай-ақ, мобильді қосымша арқылы басқаруға болады. Және автомобиль қауіпсіздік белбеуін таққан кезде ғана оталады.

«Бұл көлікті 10 жылдан бері құрастырып келеміз. Ең алғашқы нұсқасы 2006 жылы халық назарына ұсынылған еді. Ол жол таңдамайды. Ендігі жоспар — оларды нарыққа шығару», — дейді BMW концернінің өкілі Дирк Виссельманн.


 

Соңғы жаңалықтар