БН-350 атомдық реакторының бірінші контурындағы натрийді дренаждау шарасы табысты жүзеге асырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БН-350 атомдық реакторының бірінші контурындағы натрийді дренаждау шарасы табысты жүзеге асырылды

БН-350 атомдық реакторының бірінші контурындағы натрийді дренаждау шарасы табысты жүзеге асырылды

Бүгін, 1-желтоқсанда Маңғыстау облысының Ақтау қаласында орналасқан жылдам нейтрондарға негізделген БН-350 атомдық реакторының бірінші контурындағы натрийді дренаждау шарасы табысты жүзеге асырылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Желтоқсан 2003
  • 878
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына жүгінсек, бұл шара реактор жұмысын біржола тоқтату туралы үкімет шешімінен кейін БН-350 реакторын ядролық және радиациялық қауіпсіз жағдайға келтіруге бағытталған бірінші кезектегі шаралар жоспарына сәйкес атқарылды.

Қажетті құрал-жабдықты жобалау және жалпы дренаждау жұмыстарын отандық мамандар жүзеге асырды. Сөйтіп, БН-350 реакторын пайдаланудан шығару шараларының 2001-жылғы қолданылған ядролық отынды буып түю шарасынан кейінгі екінші кезеңі табысты жүзеге асырылып отыр.
Ақтаудағы БН-350 реакторы шапшаң нейтрондарға негізделген әлемдегі тұңғыш реактор болып табылады. Қазір ол «Қазақатомөнеркәсібі» ҰАК-ның құрамындағы «МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі» кәсіпорнының құрылымына қамтылады.

Соңғы жаңалықтар