Б.Обама дәулетті америкалықтарға салықты көбейтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б.Обама дәулетті америкалықтарға салықты көбейтпек

Б.Обама дәулетті америкалықтарға салықты көбейтпек

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Барак Обама сенбі күні сайлаудан кейін алғаш рет ұзақ сөз сөйледі, деп хабарлады РБК.

  • 12 Қараша 2012
  • 321
Фото - Caravan.kz

Ол өз сөзінде экономикалық саясат тақырыбын қозғады. Атап айтқанда, ол бюджет жетіспестігі тудырған «бюджеттік апаттың» алдын алу мәселесіне тоқталды.

Президент дәулетті американдлықтар үшін салықтың көтерілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бюджет жетіспестігін қысқартудың бірден-бір жолы болмақ. Президент жылдық табысы 250 мың доллардан асатындарға салық жеңілдігін кеңейту туралы кез келген заң жобасына вето қоятынын мәлімдеді.

Б.Обама бұлай етпеген жағдайда 2013 жылғы январдың өзінде жағдай қиындайтынын айтты. Б.Обама сілтеме жасаған американдық сарапшылардың болжамынша, 2013 жылғы қыркүйекке қарай бюджет жетіспестігі 503 млрд. долларға қысқарады, алайда ол жаппай жұмыссыздыққа әкеліп соғады және АҚШ-тың экономикалық өсімі 0,5 пайызға қысқарады.

АҚШ президенті экономикалық шаралардың келеңсіз салдарын болдырмау үшін ол республикандықтармен ымыраға келуге әзір, алайда олардың бюджет жетіспестігін қысқарту жөніндегі жоспарын қабылдай алмайды. Еске сала кетейік, республикандықтар халықтың кез келген жігінің салығын кіріс деңгейіне қарай ұлғайтуға қарсы.

АҚШ президенті өз сөзінде экономикалық пробемаларды шешу жөніндегі оның жоспарларын жақында ғана сайлаушылар да қолдағанын атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар