«Бөбек» орталығында «Сурет өнері» студиясы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бөбек» орталығында «Сурет өнері» студиясы ашылды

«Бөбек» орталығында «Сурет өнері» студиясы ашылды

Бүгін Алматыдағы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығында (ҰҒТБСО) әлеуметтік ахуалы нашар отбасынан шыққан талантты балалар мен жеткіншектерге арналған «Сурет өнері» студиясы ашылды.

  • 30 Мамыр 2011
  • 1047
Фото - Caravan.kz

Аталмыш шараның салтанатты ашылу рәсіміне «Бөбек» орталығының басшылары, Суретшілер одағының мүшелері, сонымен қатар, 9-15 жас аралығындағы 50-ге жуық бала қатысты.

«Студияны ашудағы басты мақсат — тұрмыстық жағдайы нашар отбасынан шыққан дарынды балаларға әлеуметтік қолдау көрсету, ізгі құндылықтарды бойларына сіңіру арқылы өз дербестігін саналы түсінуге жағдай жасау, бейнелеу өнеріне бейімді жастарды тарту арқасында шығармашылығын жетілдіру, балалар шығармашылығына барша қауымдастықтың назарын аудару болып табылады. Бейнелеу өнерінің жұмысымен танысқан әр бала бойындағы дарынын жетілдіруге, білімін тереңдетуге және осы салада мол тәжірибе жинақтаған хас шеберлермен бетпе-бет кездесіп тәлім-тәрбие алуға жол ашады»,-деді «Бөбек» ҰҒТБСО жанындағы Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры Ақберен Елгезек. Оның айтуынша, студияның ашылуы балалар мен жеткіншектерге сапалы білім алуға жаңа мүмкіндіктер бермек.

«Сурет өнері» студиясында балаларға шеберлік дәрістер, байқаулар, экскурсиялар мен ойын-сауық бағдарламалары ұдайы ұйымдастырылып тұратын болады»,-деді А. Елгезек студияның ашылу салтанатында. Оның айтуынша, жыл бойы студия жұмысының қорытындысы бойынша үздік деп танылған жұмыстар негізінде көрме ұйымдастырылып тұрмақ. «Ең үздік жұмыстар «Самопознание. KZ» журналында жарияланады, сонымен қатар www.bobek.kz сайтында орналастыратын болады.

Соңғы жаңалықтар