"Бөбек " қорының президенті Республикалық "Бөбек" оқыту-сауықтыру орталығында Білім күнінің ашылуына атсалысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бөбек " қорының президенті Республикалық "Бөбек" оқыту-сауықтыру орталығында Білім күнінің ашылуына атсалысты

"Бөбек " қорының президенті Республикалық "Бөбек" оқыту-сауықтыру орталығында Білім күнінің ашылуына атсалысты

Бүгін, 1-қыркүйекте "Бөбек " қорының президенті Сара Назарбаева Республикалық "Бөбек" оқыту-сауықтыру орталығында Білім күнінің ашылуына атсалысты ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2003
  • 3569
Фото - Caravan.kz

С.Назарбаева Республикалық «Бөбек» оқыту-сауықтыру орталығында оқитын оқушыларға зор денсаулық пен бестік бағалар тіледі.

Сондай-ақ, С.Назарбаева ҚР Конституция күніне орай өткізілген алғашқы сабаққа қатысып, жаңа лингафондық кабинеттерді, жаңа оқу жылына орай жекелеген пәндерге арналып жаңадан жабдықталған зертханалар мен кабинеттерді аралап көрді.
«Өзіңді-өзің таны» атты жаңа тәжірибелік бағдарлама бойынша оқыта бастаған жаңа үлгідегі бұл оқыту орталығы осыдан дәл бір жыл бұрын, 2002-жылдың 1-қыркүйегінде өз оқушылары алдында есігін айқара ашқан болатын.
2003-жылы осындай тәжірибелік мектептер саны екі есе артып, 93 білім беру мекемесін қамтыды. Биылғы жылдың 1-қыркүйегінен бастап «Өзіңді-өзің таны» бағдарламасы еліміздің барлық облыстарындағы қазақ тілінде білім беретін балабақшалар мен мектептерде оқыту үрдісіне енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар