"Бөбек" қорының төрайымы С.Назарбаева Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальге ие болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бөбек" қорының төрайымы С.Назарбаева Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальге ие болмақ

"Бөбек" қорының төрайымы С.Назарбаева Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальге ие болмақ

28-қазанда Алматыда "Бөбек" қорының төрайымы С.Назарбаеваны Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен марапаттау рәсімі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қордан хабарлады.

  • 24 Қазан 2003
  • 941
Фото - Caravan.kz

Бұл медаль С.Назарбаеваға «Өзін-өзі тану жөніндегі философия мен оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін» табыс етілмекші. Сыйлықты тапсыру рәсіміне Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматов, Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальді табыс ету жөніндегі Бүкіләлемдік комитеттің президенті Рустанали Рахманалиев және басқа да ғалымдар қатысады.

С.Назарбаева «Бөбек» қорын 1993-жылы құрған. Осы мерзімде әр бағытта бірнеше жүз жобаны жүзеге асырды. Қордың қолдауымен елімізде бірнеше балалар ауылдары жұмыс істей бастады. 2000-жылдан бері елімізде С.Назарбаеваның «Өзіңді-өзің таны» деп аталатын тағы бір жобасы жүзеге асырылуда. Басты мақсаты «адамның өзі мен қоршаған ортаны тануы» болып табылатын бұл пән 100-ден астам балабақшалар, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқыту бағдарламасына қамтылды.

Соңғы жаңалықтар