"Боди массажға баратын еркектердің бәрі әйелі, бала-шағасы барлар": Алматы боди массаждан аяқ алып жүре алмайтын халге жеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Боди массажға баратын еркектердің бәрі әйелі, бала-шағасы барлар": Алматы боди массаждан аяқ алып жүре алмайтын халге жеткен

"Боди массажға баратын еркектердің бәрі әйелі, бала-шағасы барлар": Алматы боди массаждан аяқ алып жүре алмайтын халге жеткен

Ол боди массаж жасайтын ажырасқан әйелдер екенін айтты.

  • 26 Тамыз
  • 84
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Жолымбет Мәкіштің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«2-3 жыл бұрын ғой деймін осы, танымайтын бір қыз жекеге жазыпты боди массаж жасаймын деп. Сізге жақсылап скидка жасаймын деп қояды тағы. Массаждың не екенін білгенімізбен, бодидың не екенін білмейтін кезіміз ол. Жауап бермей қойып едім, содан қайтып жазған жоқ. Өстіп массаж жасап ақша табатын бір қыздың сұқбатын көріп қалдым жаңа. Сол бодиға баратын еркектердің бәрі әйелі, бала-шағасы барлар екен. Ерте байға тиіп, кейін ажырасып кеткен қыздардың да көбі сөйтіп биди массаж жасап күн көреді дейді. Сөйтіп бір-біріне көңілі түсіп, кейін ойнас болып кететіндер де көп екен арасында. Мынау енді сұмдық статитика ғой! Қазақ қайда кетіп барады? Біреудің қызының, әйелінің, күйеуінің, бөтен еркектің денесін ұстауға қақың жоқ негізі. Ол – ойнастық, зинақорлық. Көзге шөп салу (измена), отбасының шырқын бұзу да осыдан басталады өзі. Онсыз да қазір ажырасудан әлемнің алдына шықтық. Отбасы құндылығы, некеге адалдық, иман, әдеп деген нәрселер әдірам қалып, Алматыда боди массаждан аяқ алып жүре алмайтын болдық. Қайтпек керек, қазақ?», деп жазды.

«Енді түзілмейді..Әйелдердің жалаңаштануы мен зинақорлықтың кең етек алуы қияметтің жақын белгілерінің бірі», «Бөтен әйелдің еркекке массаж жасауы азғындықтың қасыреті ғой, бұл не болып кеткен заман болды білмейміз, әбден ұяты ары қашқан айтар сөз таппай отырмын», «Масқара,боди массажды естігенмен мән бермейтін ек,мәнісін білмеген соң,адамдарды аздыратын бәле десейші. Қазақ қайда кетіп барамыз?», деп жазды халық.