Бодибилдинг федерациясы Маңғыстау облыстық балалар үйіне спорттық тренажерлер сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бодибилдинг федерациясы Маңғыстау облыстық балалар үйіне спорттық тренажерлер сыйлады

Бодибилдинг федерациясы Маңғыстау облыстық балалар үйіне спорттық тренажерлер сыйлады

«Маңғыстау облысының бодибилдинг және фитнес федерациясы» қоғамдық бірлестігі облыстық балалар үйіне 9 тренажер мен түрлі спорттық құралдарды сыйлады.

  • 14 Желтоқсан 2012
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Балалар үйінің облыс орталығына көшуінен бері мекеменің өмірі одан да мазмұнды болды. Бірақ біздің мақсатымыз балалардың өмірін қолдарымыздан келгенінше толыққанды ету болғандықтан, тілектеріміз де бар. Мұнда спорттық залы жоқ, бұл мақсаттарға аумағы бойынша үлкендеу бөлме бар. Балалардың таза ауада қимылды ойындарды ойнауы үшін алаңның болғаны жақсы еді», — деді балалар үйінің директоры Несіп Әбілова.

Сыйлықтарды табыстаған федерация басшылығы тәрбиеленушілер үшін денсаулық күнін ұйымдастырды. Эстафеталарда ерекшеленген балаларға Samsung Galaxy Y смартфондары сыйланды.