Богатырь Аксес Көмір 2005 - жылы көмір өндіру мөлшерін 35 млн. тоннаға дейін азайтады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Богатырь Аксес Көмір 2005 - жылы көмір өндіру мөлшерін 35 млн. тоннаға дейін азайтады

Богатырь Аксес Көмір 2005 - жылы көмір өндіру мөлшерін 35 млн. тоннаға дейін азайтады

"Биыл біз былтырғыға қарағанда аз өнім өндірмекпіз. 2004-жылы 35,8 млн. тонна көмір өндірсек, биыл 35 млн. тонна көмір шығарамыз". Бұл туралы бүгін, 21-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Богатырь Аксес Көмір" ЖШС-нің бас директоры Дэннис Прайс құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қыркүйек 2005
  • 560
Фото - Caravan.kz



Д.Прайстың айтуынша, өнім мөлшерін азайтуға «БАК өнімдерін негізгі экспорттаушы (50%) болып табылатын Ресейдің көбінесе табиғи газды пайдалануға көшіп, көмірді тұтыну мөлшерін азайтуы» себепші. «Алайда біз бұны уақытша ағым деп санаймыз және алдағы 8-10 жылда Ресейге жөнелтілетін өнім мөлшері артады деп сенеміз»,- деді Д.Прайс.
Д.Прайстың айтуынша, компания алдағы 5 жылдың ішінде көмір өндіру мөлшерін 45 млн. тоннаға жеткізбекші.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың қаңтар-маусым айларында «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС көмір жіберу мөлшерін 17 млн. 96 мың тоннаға дейін 3,3 процентке кемітті.
2005-жылдың бірінші жартысында компания Ресейге 8 млн. 29 мың тонна көмір жөнелтті. Бұл былтырғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 14,6 процентке кем. Бірақ БАК Қазақстанның ішінде сатылатын көмір мөлшерін ұлғайтып отыр. Сатып алушылар қатарында Екібастұздағы1-ші ГРЭС, Алматыдағы 1-ші және 2-ші жылу орталықтары бар. 2005-жылдың алғашқы жартысында қазақстандық тұтынушыларға 9 млн. 67 мың тонна көмір сатылды. Бұл былтырғыдан 9,6 процентке артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта