«Ресейлік жұлдыздардан алғаш рет Тимурдың(Бекмамбетов – ҚазТАГ)достарыЕвгений Стычкин, Ольга Сутулова, Сергей Светлаковкеледі», — деп хабарлады бас директор Ирэн Ванидовскаясәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.
«Голливуд жұлдыздары туралы айтпай-ақ қояйық, олар туралы екінші баспасөз мәслихатында білетін боласыздар», — деді И. Ванидовская.
Евгений Стычкин «Самоубийцы» (2011), «Москва, я люблю тебя» (2010), «Король Лир» (2006), «Мустанг» (2006)фильмдеріндегі рольдерімен белгілі.Ресейлік актер 60-тан аса киноға түскен.
И. Ванидовскаяның ақпаратына сәйкес, актер және шоумен С. Светлаков Тимур Бекмамбетовтың студиясы түсірген «Воспитанник» фильмін таныстырады.
«ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалі 1-5 шілде аралығында өтеді. Оған АҚШ, Еуропа, Азия, ТМД елдерінің 20 толықметражды картинасы қатысады. Кинотуындыларды «Хан Шатыр» көңіл көтеру орталығында көрсету жоспарланған. «ASTANA» халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінің президенті — Тимур Бекмамбетов.
Бірінші кинофестиваль 2010 жылы өтті.