Жас әнші Caravan.kz медиа-порталы тілшісінің өзге де сауалдарына жауап берді
— Гүлмира жеке өміріңіз жайлы толық айтып өтсеңіз?
— Мен Ізбасханова Гүлмира Сағитқызы 1993 жылы өмірге келгенмін. Шымкент өңірінде дүниеге келгенмін. Қазіргі таңда Алматыда тұрамын. 2015 жылы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірдім. Ұстазым Нағима Есқалиева.
— Ең алғашқы интернет желісінде қалай танылдыңыз?
— Ең алғаш интернетте танылған видео анаммен айтқан Нурикамал деген ән жақсы танылды. Содан соң Музарт тобының Арман-ай әні таралып кетті. Мен негізі 2015 жылы "Қазақстан дауысы" жобасына қатысқам, бірақ ол кезде өтпей қалдым.
— Әннен хабарыңыз бар ма әлде жүрек қалауы ма?!
— Әрине бар.. Эстрадалық вокалды бітірдім.
— Стильіңізге қатысты адамдар сын айтып жатады. Өзіңізге ұнайды ма?!
— Әрине сынайтындар көп. Хэйтерлер көп жазады, жаман сөздер жазады. Бірақ өз стильім өзіме ұнайды. Біреуге ұнау үшін өмір сүрмеймін ғой. Көп адамның сөзіне мән бермеймін. Бір стильде қатып қалмаймын. Тағы да басқа стильде шығамын жақында.
— Инстаграмдағы Гүлмира мен үйдегі Гүлмираның айырмашылығы бар ма?!
— Жоқ екеуі бір адам. Сыртта қандаймын үйде де дәл сондаймын. Маска кимеймін және кие де алмаймын.
— Анаңыз жайлы айтып беріңізші?! Кез-келген нәрсені анаңызбен ақылдасасыз ба?!
— Иә, анаммен кез-келген затты ақылдасып жасаймын. Анам 1964 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Кішкентайынан өнерге жақын болған. Чайковскийді бітірген. Бірақ әкем өнерге шығуына қарсы болған. Төрт баламен ән сапарға шығып кете алмаған. Сол себепті үйден бір қыз өнерді таңдағанын қалады. Төрт перзентінің ішінен мен ұялмайтын болдым да мамам мені сүйреді. Аллаға шүкір қазір бір-бірімізді сүйреп жәй-жәй шығып келе жатырмыз.
— Карантин уақытында немен айналыстыңыз?!
— Карантин уақытында үйде болдық. Инстаграмда жарнама жасап тұрам арасында. Жеке кәсібім менде жоқ. Ал анамда бар әкем екеуі айналысады.
— Стильіңізге қарап көп ержігіт сөз айта алмайтын шығар, солай ма?!
— Иә, стильіме қарап тіпті менімен сөйлесуге қорқады екен көп ер азаматтар. Қорыққанда қалай ыңғайсызданатын шығар. Кейіннен бір сөйлескен соң жақын сөйлесіп кетеді.
— Қандай жігіттер ұнайды?
— Бойы ұзын, качок жігіттер ұнайды. Сөзінде тұратын. Мені ғана жақсы көретін және қызғаншақ жігіттер ұнайды.
— Ер бала сияқты стильде жүресіз, болашақта біреуге жар болсаңыз, ана болсаңыз қандай боласыз?
— Ол күнде бұйыртса туады әлі. Біреудің асыл жары атанатын күнде келер. Ал қазіргі стильіме келетін болсам өзім әдейі үлкен киімдер кием. Тырыстырып киім кигім келмейді. Ұяламын. Аллаға шүкір әлі қызбын. Арым таза. Пәкпін бір сөзбен айтқанда. Бір үйдің түтін түтететін күнде алыс емес.
— Қазір ЛГБТ мүшелері, яғни гей, лесби дегендер көп қоғамда, сіздің осы стиліңізді көріп ел басқаша ойлап қалмай ма?
— Ондайларды иә, білем, естігем. Мені де солай ойлайтындар бар. Бірақ олардың ойына тосқауыл бола алмаймын. Бес саусақ бірдей емес, әркім әр түрлі ойлайды.
— Жалпы өзіңіздің гей, лесбилерге деген көзқарасыңыз қандай?
— Адам болған соң басынан неше түрлі нәрсе өтеді. Әркім өзі біледі. Оларға сын айтқым келмейді. Жақсы қараймын.