Бөкей ордасы тарихи-мұражай кешеніне жарты ғасыр толды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.97
  • 607.3
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бөкей ордасы тарихи-мұражай кешеніне жарты ғасыр толды

Бөкей ордасы тарихи-мұражай кешеніне жарты ғасыр толды

Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасы тарихи-мұражай кешеніне жарты ғасыр толды.

  • 25 Желтоқсан 2012
  • 1384
Фото - Caravan.kz

Кешен директоры Ғайса Мақымовтың айтуынша, ол кезде «Орда тарихи-революциялық музейі» деп аталған мұражайды 1962 жылы 15 желтоқсанда азамат соғысының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Ахметфайз Тажетдинов қоғамдық негізде ұйымдастырған еді. Бастапқы кезде А.Тажетдиновтің жеке архивіндегі өзі түсірген фотосуреттер мен жинаған жәдігерлер, барлығы 55 экспонат болды. 1967 жылы мемлекеттік мұражайлар санатына енгізіліп, 1969 жылы ХІХ ғасырдың тарихи-сәулеттік ескерткіші қазынашылық ғимаратына көшірілді. 1970-1978 жылдары мұражайға Шарап Сиранов жетекшілік етсе, одан кейін ұзақ уақыт бойы Темірболат Мақымов көптеген жұмыстар атқарды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Жәңгір хан, Мұхамед-Салық Бабажанов, Дәулеткерейге кесенелер тұрғызылып, мұражай ғимараты күрделі жөнделді. 2002 жылы «Бөкей ордасы аудандық тарихи-мұражай кешені» МКҚК болып құрылған мұражай аясы кеңейе түсіп, «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес тарихи үйлер қалпына келтіріліп, жаңа орындар қосылды. Мәселен, 1883 жылы салынған «Қыздар училищесі» ғимараты қайта жаңғыртылып, хан сарайының батыс флигелі, орталық бөлігі тұрғызылды. Қару-жарақ палатасы, тәуелсіздік мұражайы ашылып, кешеннің ауласы абаттандырылды.

Бүгінгі таңда баспахана ғимаратын қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталып келеді. Алдағы уақытта бұрынғы мектеп ғимараттарын қайта жаңғырту, С.Меңдешев, А.Тажетдинов, Ғ.Зариповтың мемориалдық мұражайларын, табиғат мұражайын, қазақтың тұңғыш баспаханасы мұражайын жасақтау көзделіп отыр. Сондай-ақ кешен негізінде «Бөкей ордасы тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайын» ашып, Хан ордасын туристік орталыққа айналдыру, ХІХ ғасырда салынған 45 үйді біртіндеп қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынбақ.