БОКС: APB жекпе-жектерін өткізудің тұрақты кезеңдері жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БОКС: APB жекпе-жектерін өткізудің тұрақты кезеңдері жарияланды

БОКС: APB жекпе-жектерін өткізудің тұрақты кезеңдері жарияланды

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АИБА) APB  (АИБА Кәсіпқой Боксы) жобасының матчтарын өткізудің тұрақты кезеңдерін жариялады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Наурыз 2015
  • 374
Фото - Caravan.kz

Енді алғашқы циклдың алғашқы матчтары үстіміздегі жылдың 29 мамырында өткізіледі.

Әрбір салмақ дәрежесіндегі 8 боксшы чемпиондық белбеуге жаңа үміткерді анықтау үшін әдеттегідей рейтингтері бойынша 2 жекпе-жектен өткізетін болады. Ал кейін үміткер қазіргі чемпионмен кездеседі. 

APB-дің әрбір циклы бес айға жуық уақытқа созылады және екі рейтингтік,  бір «белбеулік» кездесуден тұрады. Яғни, жыл сайын APB жобасының әрбір 10 салмақ санаты бойынша «титулдық» кездесулерден тұратын екі циклы өткізіледі.   

Қазір әлемнің көптеген қалалары тарапынан APB жобасының жекпе-жектерін өткізу бойынша сұраныстардың артуына байланысты, AIBA ұйымы 2015 жылы APB-дің бірінші және екінші циклдарын өткізуге ниет білдірген қалаларды таңдау бойынша байқау жариялады. 

Тағы бір айта кететін жәйт, 2015 жылдың бірінші циклы 2016 жылы Рио-де-Жанейра (Бразилия) қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына іріктеудің бір жолы болмақ. Мұнда әрбір салмақ дәрежесіне 2 жолдама берілген. Яғни, чемпиондық атақ үшін ақтық сынға шыққан екі боксшы да олимпиадалық лицензияға ие болады. Осылайша, бірінші циклдың екінші кезеңін Олимпиаданың іріктеу турнирі десе де болады.      


Айта кетелік, APB боксшыларына АИБА-ның Әуесқой олимпиадалық бокс жобасының квалификациялық олимпиадалық турнирлеріне қатысуға рұқсат берілген.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера