Ол 69,9 келіге дейінгі салмақ санатында Бүкіләлемдік бокс кеңесінің және Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының нұсқасы бойынша екі белбеуді Лас-Вегаста өткен раундтық жекпе-жекте мексикалық Саул Альваресті басым дауыспен ұтып, жеңіп алды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Шаршы алаңдағы шайқасты көруге шамамен 16,5 мың көрермен жиналды. Бұл кәсіби бокс тарихында рекордтық касса, нақты айтқанда 19,9 млн. доллар жинауға мүмкіндік берді.
36 жастағы Мэйуэзер бұл жекпе жегі үшін 41,5 млн. доллар, ал 23 жастағы Альварес 5 млн. доллар көлеміндегі кепілді гонорар алады.
Американдық кәсіби шаршы алаңда әлі күнге дейін жеңіліп көрген жоқ. 17 жыл бойы рингте таяқ жеп көрмеген Мэйуэзер 45 рет басым түсіп, оның 26-сын нокаутпен аяқтаған.
Ал Альварес алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр. ол 42 жекпе-жек өткізіп, оның 30-ын нокаутпен ұтқан.