Монреальдегі (Канада) 12 раундтық жекпе-жекте ол поляк спортшысы Анджей Фонфараны ұпай санымен ұтты.
Фонфара жекпе-жектің бірінші жартысында Стивенсонның соққыларын өткізгенімен, атақты боксшыға тегеурінді қарсылық көрсете алды.
Поляк боксшысы бірінші және бесінші раундтарда нокдаунға түсіп қалды. Алайда, доданың екінші жартысында Фонфара белсенділік танытып, тоғызыншы раундта канадалықты нокдаунға жіберді.
Дегенмен де поляк спортшысы осы басымдығын жекпе-жектің соңына дейін сақтай алмады. Стивенсон шешуші соңғы үш раундта қарсыласына қарағанда соққыларын жиірек дөп тигізді. Сарапшылар бұл кездесудің канадалық танымал боксшыға қиынға түскенін атап өтуде.