Ең басты жекпе-жекте жартылай орта салмақ дәрежесінде WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы 35 жастағы Мэнни Пакьяо (57-5-2, 38 КО) 30 жастағы америкалық боксшы, екінші жеңіл салмақта (63,5 кг дейін) WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Крис Алджиеримен (20-1-0, 8 КО) кездескен болатын.
12 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілердің ортақ шешімімен 119-103, 119-103 және 120-102 есебімен Мэнни Пакьяо айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Крис Алджиери спорттық карьерасында тұңғыш рет бір кездесуде қатарынан алты рет нокдаун алды және алғашқы рет жеңіліске ұшырады.