«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, жаттықтырушы қазақ боксшыларын енді Рио-де-Жанейро олимпиадасына дайындайды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев мәлімдеді.
«Айтжанов ұлттық құраманы жоғары деңгейге шығара алды. Лондон олимпиадасындағы нәтиже оның жұмысының толық нәтижесі. Алдағы олимпиадаға да боксшыларды осы бапкер дайындайтын болады», — деді Т.Құлыбаев Астанада өткен жиында.
Қазақстан бокс құрамасы енді 2013 жылы Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалады.