БОКС: Назым Қызайбай әлемдік рейтингте көш бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БОКС: Назым Қызайбай әлемдік рейтингте көш бастады

БОКС: Назым Қызайбай әлемдік рейтингте көш бастады

Халықаралық бокс федерациясы (АИБА) Оңтүстік Кореяда өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатынан кейін өз рейтингін қайта түзді. Осы сында әлем чемпионатын ұтқан Назым Қызайбай өз салмағында көш басына шықты, деп хабарлайды alaman.kz.

  • 7 Желтоқсан 2014
  • 491
Фото - Caravan.kz

Назым Қызайбай бұған дейін бірінші орында тұрған румындық Стелута Дутаны ол орыннан ығыстырды. Қазақ боксшысы Дутаны Чеджудегі әлем чемпионтының ширек финалында ұтқан еді. Сондай-ақ қазақстандық боксшы Азия бокс федерациясының таңдауымен қараша айының үздік боксшысы болып танылды.

Сонымен,

48 келі салмақ дәрежесі бойынша:
1 . Назым Қызайбай (Қазақстан)
2 . Стелута Дута (Румыния)
3 . Саржубала Самжетцавам (Үндістан)

Чеджуде 81 келіде күміс алған Ләззат Күнгейбаева екінші орыннан үшінші сатыға түсті:

81 келі салмақта:
1 . Зенфира Магомедалиева (Ресей)
2 . Эмине Боздуман (Түркия)
3 . Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан)
5 . Кавита (Үндістан)

Азия ойындарының күміс жүлдегері Жайна Шекербекова сегізінші орында тұр:

51 келі салмақта:


1 . Марлен Еспарза (АҚШ)
2 . Клелиэ да Коста Маркес (Бразилия)
3 . Лиза Уатсайд (Ұлыбритания)
4 . Мери Ком (Үндістан)
5 . Терри Гордини (Италия)
7 . Стойка Петрова (Болгария)
8 . Жайна Шекербекова (Қазақстан)

Азия ойындарында қола жүлдені қанжығасына байлаған Марина Вольнова 12-ші орыннан 8-ші орынға көтерілген. Алайда жақында Вольнова спорттан кеткенін мәлім етті. Сондықтан алдағы уақытта ол АИБА рейтингісінен шығарылады.

75 келі салмақта:
1 . Кларисса Шилдс (АҚШ)
2 . Ли Циан (Қытай)
3 . Н. Фонтжин (Нидерланды)
4 . Ариэна Фортин (Канада)
5 . Ярослава Якушина (Ресей)
8 . Марина Вольнова (Қазақстан)
9 . Пужа Рани (Үндістан)
10 . Тимеа Наги (Венгрия)

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера