Бұл туралы «Ресей 2» телеарнасының эфирінде ресейліктің промоутері Андрей Рябинский хабарлады.
Поветкин мен Кличко арасындағы алғашқы айқас 2013 жылғы 5 қазанда Мәскеуде өткен. Онда украиндық төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
«Кличкомен жекпе-жек 2015 жылы болмайтыны анық. Бәлкім, 2016 жылы өтетін шығар. Қазір Кличкомен ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз. Онымен келісу оңайға соқпайтынын сеземін, — деп атап өтті Рябинский. — Поветкин Кличкомен бүгін болса да шығуға дайын, алайда қазіргі жағдайда, бастысы — асықпай бәрін жақсылап жан-жақты жоспарлап алу қажет».
Кличконың есебінде 65 жеңіс (62 — нокаут) болса, 3 рет есе жіберген. Поветкин 28 рет (26 — нокаут) басым түсіп, бір рет жеңілген.