деп хабарлайды Baq.kz аталған ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.
6 желтоқсанда Бровар қаласында (Украина) «Украин атамандары» мен «Аргентина кондорлары» командалары қолғап түйістірмек. Бес салмақ бойынша күш сынасатын былғары қолғап шеберлерінің арасында 52 келі салмақ дәрежесінде ұлты қырғыз Азат Үсеналиев «Атамандардың» атынан аргентиналық Кристиан Эдуард Родойға қарсы шықпақ деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Бүкiләлемдiк бокс сериясы — АИБА басшыларының жаңадан 2010 жылы ашқан жобасы. Бұл жобада әлемнiң он екi командасы кәсiпқой бокстан өз өнерлерiн сарапқа салып келеді. Командалар 54, 61, 73, 85 және 91+ келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша өнер көрсетеді. Жекпе-жектер үш минуттан бес раунд өтетін болып бекітілген. Сонымен қатар, осы сындарға қатысатын әр елдің құрамасының сапында, кем дегенде, екі легионерден болуы шарт.
Ал қараша айында Алматыда өткен Әлем чемпионатында айырқалпақты ағайындарымыздың өкілі біздің жерлесіміз Ілияс Сүлейменовпен қолғап түйістіріп, жеңіліс тапқан болатын.