БОКС: В. Левит пен М. Вольнова - финалда - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БОКС: В. Левит пен М. Вольнова - финалда

БОКС: В. Левит пен М. Вольнова - финалда

Бокстан Ресейдің Белоярск қаласында өтіп жатқан мұнайлы елдер арасындағы әлем кубогында қазақстандық Василий Левит пен Марина Вольнова финалға шықты.

  • 10 Желтоқсан 2012
  • 354
Фото - Caravan.kz

91 келіде жарысқа қатысып жатқан Левит ширек финалда поляк Влодимирерц Летрді ұтты — 14:11. Ал жартылай финалда ресейлік Дмитрий Зайцевтен басым түсті — 12:11. Левит енді финалда Белоруссия боксшысы Сергей Корнеевпен алтынға таласады.

Ал 49 келідегі Азат Қамзин жартылай финалда ресейлік қарсыласы Дмитрий Гуляевті жеңіп, финалға жолдама алған — 14:7. Алайда финалда моңғолиялық Ган Эрден Ганкуяннан ұтылып, күміс жүлдегер атанды.

Қыздар арасындағы 51 келіде шаршы алаңға шыққан Рано Фархатова жартылай финалда ресейлік Виктория Кулешовадан жеңіліп қалды — 6:12. Ал 60 келідегі Гүлжайна Үббіниязова қола жүлде жеңіп алды.

75 келіде Марина Вольнова ресейлік Валентина Михайлинаны жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.