"Бөксе қимылдатып билегені үшін": Бүркіттің әйелі "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бөксе қимылдатып билегені үшін": Бүркіттің әйелі "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды

"Бөксе қимылдатып билегені үшін": Бүркіттің әйелі "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды

Халық әншінің мұндай төсбелгіге лайық емес екенін айтты.

  • 23 Мамыр
  • 261
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бүркіт лақап атымен танымал болған әнші Айбек Жасейітовтің жары Аиша «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Мұндай жаңалықпен Бүркіт халықтан сүйінші сұрап, желідегі парақшасында жариялады.

«Сүйінші! Аиша қыздарыңыз бүгін Қазақстан Республикасының “Мәдениет саласының үздігі” /төс белгі /марапатына ие болды! Махаббаттарыңыз үшін үлкен рахмет! Сенімдеріңіз үшін үлкен рахмет! Менің қуанышымда шек жоқ!» деп жазды.

Дегенмен, Аишаның төсбелгі алғанына халық наразылығын тудырды:

«Сөзім жоқ, не үшін? Не еңбегі сіңді? Халыққа қандай пайдасы тиді? Түсініксіз Қазақстан!», «Бөксе қимылдатып билегені үшін деген номинация болуы керек еді», «Мәдениет саласына қандай үздік нәрсе жасапты», деп жазды.