Әйгілі әншінің елге келетіні белгілі болғалы өнер иесінің бөксесінің сақтандырылғаны жайлы әңгіме қайта өршіді. Тіпті қымбат жамбастың қауіпсіздігіне алаңдаушылар да табылды. Әншінің бөбөксесін миллион долларға сақтандырғаны рас па?
Оны Caravan.kz медиа порталының тілшісі анықтап көрді.
Бұған байланысты әлеуметтік желіде түрлі жазбалар бар. Әншінің өзі бірнеше жыл бұрын шетелдік БАҚ-тарадың біріне берген сұхбатында былай деп айтқан.
Жүргізуші: Сен туралы бір ақпарат оқығанмын, рас па, жоқ па білмеймін. Миллион долларға бөксеңді сақтандырғаның рас па?
Дженнифер: Жоқ!
Жүргізуші: Жоқ дейсің бе?
Дженнифер: Жоқ… Ондай деген болмайды. Адам миллион долларға қалай бөксесін сақтандырып қояды өзі? Ұлыбританияда ондай нәрселерге сақтандыру барын білемін, бірақ біздің елде АҚШ-та ондай сақтандыру жоқ. Болғанның өзінде де бөксемді сақтандырып қайтемін?
Шакира, Бейонсе сияқты әлемге әйгілі әншілердің бөкселерін сақтандырғаны туралы ақпарат болғанымен оның барлығы өтірік екені белгілі болды. Алайда, америкалық рок әнші Дэвид Ли Рот өзінің жыныс мүшесін сақтандырғаны белгілі болды.
2013 жылы бір бағдарламада әнші өзінің жыныс мүшесіне сақтандыру рәсімдегенін айтқан. Бұл интимді мүшені музыканттың өзі «Кішкентай Элвис» деп атағанды жөн көреді.

Дэвид Ли Рот қанша долларға сақтандырғанын жасырып қалды, интернетте бар ақпарат бойынша ол мүшесін 1 миллион долларға сақтандырған.
Қарапайым адамға денесінің мүшесін сақтандыруға бола ма?
Қазақстан заңнамасына сәйкес, мұндай сақтандыру полисін рәсімдеуге ешқандай шектеу жоқ. Яғни, адамның жекелеген дене мүшелерін, дауысын, қандай да бір нақты аурулардан денсаулығын және басқа да соған ұқсас жеке ерекшеліктерін сақтандыруға болады.
Бірақ мұндай полис бүкіл денені сақтандырумен бірдей бағада тұрады. Сондықтан мұндай сақтандыру өмір мен денсаулықты сақтандыруға арналған стандартты полиске қарағанда әлдеқайда қымбатқа түседі. Сақтандыру сомасы әрқашан жеке келісім негізінде және клиенттің денсаулық жағдайына байланысты белгіленеді.
Дене мүшелерін сақтандыру қызметін негізінен жұлдыздар пайдаланады, көбінесе бұл — сақтандыру компаниясының қызметтерін жарнамалау үшін жасалатын әрекет. Мұндай полистер, әдетте, бір-екі жылға ғана беріледі, және кейін оларды ұзартпайды. Себебі қоғамның назары аударылып, жарнамалық мақсат орындалып үлгереді.
Қандай жағдайларда төлем төленеді және қандай жағдайларда төленбейді?
Мұндай сақтандыру түрі жеке сипатқа ие болғандықтан, оған арнайы келісімшарт жасалады. Бұл келісімшартта төлемнің қандай жағдайда берілетіні немесе берілмейтіні туралы әртүрлі шарттар көрсетілуі мүмкін.
Көбіне төлем сақтандырылған дене мүшесінің еңбекке қабілеттілігін жоғалту жағдайында беріледі. Төлемнің мөлшері зақымдану деңгейіне және еңбекке қабілетсіздік кезеңінің ұзақтығына байланысты болады. Мысалы, келісімшартта қолды ұрып алу жағдайында адам сақтандыру сомасының белгілі бір пайызын алатыны, ал сүйек сынған жағдайда бұл пайыздың артатыны көрсетілуі мүмкін.
Стандартты түрде төлем келесі жағдайларда төленбейді:
- егер сақтандырушы әдейі өзін жарақаттап, пайда тапқысы келсе;
- егер жарақат алған сәтте ол мас күйде болса.
Бұл талаптар классикалық сақтандыру келісімшартына барынша ұқсас. Алайда мұндай сақтандыру жеке сипатта болғандықтан, шарттар әртүрлі болуы әбден мүмкін.
Мысалы:
- Күлімсіреуін сақтандырған клиентке күніне белгілі бір рет нақты тіс пастасымен тіс тазалау міндеттелуі мүмкін;
- Ал бөксесін сақтандырған клиентке салмағын өзгертпеу талабы қойылуы мүмкін.
Дене мүшесін сақтандыру деген қайдан шықты?
Дене мүшелерін сақтандыру тарихы 1920-жылдары басталды.
Ең алғашқы болып өз көзі мен көру қабілетін актер Бен Тёрпин сақтандырған. Сақтандыру сомасы 20 000 долларды құрады. Актер үшін өзінің «айрықша» көзқарасын — қиғаш қарауын сақтау өте маңызды еді, өйткені дәл осы ерекшелігі оған танымалдылық пен үнсіз кино дәуіріндегі әйгілі рөлдерді алып келген.

Дене мүшелері мен қабілеттерді сақтандыру тәжірибесі кең танымал болуына Марлен Дитрих себеп болды.
Ол Lloyd’s сақтандыру компаниясына жүгініп, өзінің дауысын 1 миллион долларға сақтандырған.
Америкалық, ресейлік және өзге де елдердің танымал әншілері өздерінің дауыстарын сақтандырып жатады, алайда қазақстандық әншілердің даусын сақтандырғаны туралы ешқандай ақпарат жоқ. Мүмкін, Димаш Құдайбергенге өзінің дауысын сақтандыру артық болмас.