Ол өз кезегінде ғаламшардың ең тартымды 100 әйелдің қатарына еніп отыр», — делінген мақалада.
Газеттің жазуы бойынша, MAXIM басылымы Hot 100 List 2014 атты әлемнің ең тартымды әйелдерінің тізімін жариялады. Оның қатарына ережесіз жекпе-жектің үш өкілі енген.
Олардың қатарында ең жоғары орынды UFC чемпионы Ронда Роузи иеленген. Өз кезегінде ол бокстан WBA және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің ең сүйікті спортшысы болып табылады.
Роузи соңғы жекпе-жегін 23 ақпан күні Сара Макманнға қарсы өткізген болатын. Кездесу тек 1 минут 9 секундқа жалғасты. Роузи өзінің қарсыласына бірде-бір мүмкіндік берген жоқ, — деп ресми тілде жарияланатын «Экспресс К» газеті жазады.



