Боксшы М.Вольнова азулы қарсыласын жарыс жолынан ығыстырып, жартылай финалға өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боксшы М.Вольнова азулы қарсыласын жарыс жолынан ығыстырып, жартылай финалға өтті

Боксшы М.Вольнова азулы қарсыласын жарыс жолынан ығыстырып, жартылай финалға өтті

Олимпиада ойындарында бокстан 75 келі салмақ санатында Қазақ елінің намысын қорғайтын Марина Вольнова ширек финалда британдық Саванна Маршалмен жұдырық түйістірді.

  • 7 Тамыз 2012
  • 477
Фото - Caravan.kz

Азулы қарсыласынан еш ықпаған Марина алғашқы 2 раундты 7:7 есебімен тең аяқтаған болатын. Дегенмен, соңғы екі кезеңде барын салған біздің былғары қолғап шеберіміз үшінші кезеңді — 3:1, ал төртінші раундты 6:4 есебімен аяқтады. Осылайша Марина жартылай финалға жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, Марина 1/8 финалда кениялық Элизабет Андиегоны айқын басымдықпен ұтып, келесі айналымға жолдама алған болатын.

1989 жылы шілдеде Қызылорда қаласының Қазалы қаласында дүниеге келген Марина бокспен 6 жасынан бастап айналысады. Осы уақытқа дейін зор жетістіктерге де жетті. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Бокстан еліміздің төрт дүркін чемпионы, 2010 жылы Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера