2019 жылы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатын Ресей жерінде өтеді. Мұндай шешім 24 шілде күні Мәскеу қаласында өткен AIBA-ның отырысында белгілі болды. Бұл туралы tass.ruхабарлайды.
Турнирді өткізуге үміткер елдердің ішінде Түркия, Украина, Тайланд және Үндістен елдері үміткер болған еді. Бірақ Халықаралық бокс ұйымының Мәскеуде өткен жиынында Ресейге берілді.
Әлем чемпионаты Ресейдің Сочи қаласында өтеді. Еске салайық, Ресей ерлер арасындағы әлем чемпионатын соңғы рет 1989 (КСРО кезінде — ред) қабылдаған болатын.