Бокстан ӘЧ-2025: Бесінші жарыс күнінде шаршы алаңға 7 отандасымыз шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан ӘЧ-2025: Бесінші жарыс күнінде шаршы алаңға 7 отандасымыз шығады

Бокстан ӘЧ-2025: Бесінші жарыс күнінде шаршы алаңға 7 отандасымыз шығады

Бүгін, 8 қыркүйек бокстан әлем чемпионатының бесінші жарыс күні.

  • 8 Қыркүйек
  • 314
Фото: Жасанды интеллект

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің кезекті жарыс күнінде 7 отандасымыз ел намысын қорғайды.

80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Гүлсая Ержан литвалық Ивета Лесинскутемен кездессе, Аида Әбікеева (65 кг) Оңтүстік Корея боксшысы Канг Сукёнмен жұдырықтасады.

Ерлер құрамасынан 70 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайтын Төрехан Сабырхан Нидерланды боксшысы Роберт Боспен күш сынасса, Сағындық Тоғамбай (90 кг) ирландиялық боксшы Джек Марлимен қолғап түйістіреді.

Ал 60 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын жерлесіміз Бейбарыс Жексен Үндістан боксшысы Сачинмен кездессе, Сабыржан Аққалықов (75 кг) шаршы алаңда украиналық Павло Ильющакпен сайысқа түседі.

Аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай түркиялық Мусахит Илияспен күш сынасады.

Айта кетейік, Гүлсая Ержан, Төрехан Сабырхан мен Сағындық Тоғамбай күндізгі сессияда өнер көрсетсе, қалған боксшылар шаршы алаңға кешкі сессияда шығады.

Күндізгі сессия 16:00-де, ал кешкі сессия 22:00-де басталады.

Еске сала кетейік, бокстан әлем чемпионаты 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

Перейти к новостям спорта