Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқу-жаттығу жиынында алғаш рет әйелдер, жастар және жасөспірімдер командалары бас қосты. Ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сейдалиннің айтуы бойынша бұл бастаманың пайдасы мол.
«2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты бастап кеттік. Демек, барлық жас дәрежелерінде бұл додаға үміткерлер бар.
Сенбі күні тауға қарай жаяу жүрдік. Осы оқу-жаттығу жиынына 150 спортшы қатысты. Ал қалған жаттығулар өз жастарына сай өтеді. Спортшылардың және жаттықтырушылардың да көңіл-күйі мен жұмысқа деген ынтасы керемет. Жылды жақсы қарқынмен бастап жатырмыз, 2025 жыл берекелі болады деген үміттеміз» — дейді бас бапкер.