Бокстан әйелдер арасындағы ҚР чемпионаты мәреге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан әйелдер арасындағы ҚР чемпионаты мәреге жетті

Бокстан әйелдер арасындағы ҚР чемпионаты мәреге жетті

Өткен сенбіде Атырауда бокстан әйелдер арасында ҚР чемпионаты аяқталды.

  • 20 Ақпан 2012
  • 376
Фото - Caravan.kz

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, бейресми командалық есепте бірінші орынды — Алматы, екінші орынды — Астана, сондай-ақ үшінші орынды — Жамбыл облысы иеленді.

Жалпы, бұл додалы сайыста еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларының командалары бақтарын сынады. Ересектер арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша 101 спортшы, ал жастар арасында 9 салмақ дәрежесі бойынша 65 былғары қолғап шебері қатысты.

Әйелдер арасындағы бокстан ҚР чемпионаты осымен 8-інші рет өткізіліп отыр. Өткен жылы бұл жарыс Көкшетауда ұйымдастырылған еді. 2011 жылы командалық есепте Алматы қаласы бірінші, Ақмола облысы екінші, ал Астана үшінші орыннан көрінген болатын.