Бокстан әлем чемпионаты: Ниязымбетов ауыр салмақтағы Челесті теңселтті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан әлем чемпионаты: Ниязымбетов ауыр салмақтағы Челесті теңселтті

Бокстан әлем чемпионаты: Ниязымбетов ауыр салмақтағы Челесті теңселтті

Бакуде Гейдар Әлиев атындағы концерт-спорт кешенінде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының үшінші күні рингке 56,60,64,75 және 81 келі салмақтағы спортшылар шықты.

  • 29 Қыркүйек 2011
  • 459
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана қаласының туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов бұл күні 81 келіде өнер көрсеткен бірден-бір жерлесіміз болды. Оның молдовалық Владимир Челеспен жекпе-жегі кешкі бағдарламаны қорытындылады.

Әлібек боз кілемде қарсыласын әп-дегенде шаушайдан алып, тікелей соққылармен шабуылға көшті. Алайда Владимир жекпе-жекке асыққан жоқ, бірді-екілі соққымен қарсылық көрсетіп қана жүрді, Дегенмен тақау тұстан қазақстандық боксшы екі соққыны дәл тигізді. Сонымен алғашқы үш минуттың қорытындысы: есеп — 6:4. Келесі раундта боксшылар алыс қашықтықтан орташа қашықтыққа жақындап келді, одан әрі таяудағы ұрыста да еркін сілтеді. Қарама-қарсы ұрыс салған боксшылар жекпе-жегінің бұл бөлігінде Әділбек қарсыласын тегеурінді қимылымен ықтырып, инициативаны өз қолына алды. Енді есеп 13:6 болып Ниязымбетов алға суырылып шықты. Ал үшінші раундта Челес бар күшін салды. Жаттықтырушысының нұсқауын орындай отырып, соққы санын да еселей түсті. Дегенмен бұл жалпы жеңіс үшін жеткіліксіз болды. Сөйтіп, 16:11 есебімен біздің боксшымыз жеңіске қол жеткізді.

Енді ол келесі жекпе-жекте Азияның қазіргі чемпионы кореялық Ким Хионкьюмен сынға түседі.

Бүгінгі жарыс кестесінде 69 келіде Серік Сапиев Карлос Санчезбен (Эквадор) қолғап түйістіреді.