Бокстан Италиядағы лицензиялық турнирге кімдер баратыны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан Италиядағы лицензиялық турнирге кімдер баратыны белгілі болды

Бокстан Италиядағы лицензиялық турнирге кімдер баратыны белгілі болды

29 ақпан мен 12 наурыз аралығында  Италияның Бусто-Арсицио аймағында бокстан лицензиялық турнир өтеді.Әр салмақта жартылай финалға шыққан боксшылар Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болады.  

  • 12 Қаңтар 2024
  • 24
Фото - Caravan.kz

Осы орайда, команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов лицензия сарапқа салынатын жарысқа кімдер қатысатынын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

"Олимпиадаға іріктеу турниріне елдегі соңғы Спартакиаданың жеңімпаздары қатысады. Алты боксшыны жарысқа қосамыз. Ал Азия ойындарында жолдама мәселесін шешіп қойған Қамшыбек Қоңқабаевты жаттығу жиынына жіберуді ойластырдық", — деді Айтжанов. 

Ал Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетов тек қана 63,5 келіде таңдау болатынын жеткізді.  

"Бұл салмақта Ертуған Төренов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлының біреуі баруы мүмкін", — деді ол. 

Айта кетелік, бокстан Қазақстан командасының қоржынына Олимпиаданың бір ғана жолдамасы бар.