Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ішкі біріншіліктің соңғы кездесулері бүгін, 24 желтоқсанда өтеді. Шешуші жекпе-жектерді бокс жанкүйерлері асыға күтуде.
Финалдық жекпе-жектердегі ерекше оқиғалардың бірі ағайынды Нұрлан Сапарбай мен Даниял Сапарбайдың кездесуі болмақ.
Бокс федерациясының мәлімдеуінше, 67 келіде өнер көрсететін Санатәлі Төлтаевтың жарақатына байланысты финалдық жекпе жек өткізілмейді. Осылайша, бұл салмақта Төрехан Сабырхан чемпион атанды. Ал, әйелдер арасындағы 48 келідегі финалдық кездесу Ақбота Болаттың жарақатына байланысты өтпейтін болды. Бұл салмақта Назым Қызайбай Қазақстан чемпионы атанды.