Бұл лицензияны ел құрамасынан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұған дейін Олимпиадаға Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жолдама алып қойған еді.
Мұндай мүмкіндікке әйелдер құрамасынан Карина Ибрагимова (57 келі) ие болды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Таиландтағы турнирде Назым Қызайбай (50 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) Париж Олимпиадасына жолдама алып үлгерді.
Қазір Қазақстан қоржынында Олимпиаданың 58 жолдамасы бар. Париждегі жазғы ойындар 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.