Бокстан Маңғыстау мен Ақмола облысының құрамалары Қазақстан бокс федерациясының кубогы үшін жарысының жартылай финалына өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан Маңғыстау мен Ақмола облысының құрамалары Қазақстан бокс федерациясының кубогы үшін жарысының жартылай финалына өтті

Бокстан Маңғыстау мен Ақмола облысының құрамалары Қазақстан бокс федерациясының кубогы үшін жарысының жартылай финалына өтті

20 қазан күні «Қазақстан бокс федерациясының кубогы» республикалық жарысының ширек финалдық екі матчы өтті.

  • 22 Қазан 2012
  • 454
Фото - Caravan.kz

«Батыс» дивизионы аясында Жаңаөзен қаласында өткен жарыста Маңғыстау облысының командасы 9:1 есебімен қонақтарды — Атырау облысының құрамасын жеңді.

Ал «Солтүстік» дивизионы аясында Ақмола облысының Жақсы кентінде өткен кездесуде алаң иелері 6:4 есебімен Қарағанды облысының командасынан басым түсті.

Жартылай финалдың екінші жұбы 27 қазан күні анықталатын болады. Енді «Оңтүстік» дивизионы аясында жартылай финалға шығу мүмкіндігі үшін Шымкент қаласында өтетін жарыстарда Оңтүстік Қазақстан мен Алматы қаласының командалары бақ таластыратын болады. Ал «Шығыс» дивизионындағы жарыстар Өскемен қаласында өтеді. Онда Шығыс Қазақстан мен Алматы облысының командалары жұдырықтасады.

Қазақстан бокс федерациясы кубогының жартылай финалдық кездесулері 7 желтоқсан күні, ал ақтық матч 15 желтоқсанда Астана қаласында өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера