Ақпаратқа сәйкес, 52 кг-ға дейінгі салмақта Ақмола облысының өкілі Нұрсұлтан Қошығұлов пен қызылордалық Бекболат Жүсіпов жартылай финалға шықты. 60 кг-ға дейінгі салмақта ½ финалға батысқазақстандық Айдар Әмірзақов пен қарағандылық Елдос Сайдалин шықты. 69 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде Қызылорда өкілі Рустам Сваев жартылай финалда бақ сынайтын болады. 81 кг-ға дейінгі салмақта шешуші шайқасқа қызылордалық Алмат Серімов пен оңтүстікқазақстандық Асқар Абдуллаев шығады.
Ширек финалда қостанайлық Иван Дычко мен алматылық Рүстем Іргебаев сәтті өнер көрсетті.
Жартылай финалдық кездесулер жұма күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.