Белгісіз дәріні ішіп, жағдайы нашарлаған баласына ем іздеген ата-анасы "Көреміз" бағдарламасыан көмек сұраған деп хабарлайды, Caravan.kz медиа порталы.
Полиция академиясына түскісі келген Мейрамбек оқуға тапсыратын кезде бұлшық еттерін өсіру үшін 20 күндей қытай капсуласын алып ішкен. Анасы сол дәріні ішкеннен кейін баласын мүлде танымай қалғанын айтады. Тіпті дәріні ішкеннен кейін түнімен ұйықтамайтын болған.
Анасы Мейрамбекті имамдарға апарып дем салдырған. Алайда дін өкілдері оған жын кірмегененін, көз тигенін немесе психикалық ауруға шылдыққанын айтады. Содан кейін Мейрамбек психикалық науқастарға арналған орталықта ем алған.
"Дәріні бір айдай іштім. Салмақ қостым, артық күш пайда болды. Ауырып қалдым, бірақ нақты есімде жоқ. Бірақ кері әсерлерін байқамадым", — дейді Мейрамбек.
Ал Мейрамбектің әкесі баласындағы өзгерісті ол Канеломен шығамын, телевизорда бокстасып жатқан мен деген әңгімелерінен байқағанын айтады.
Студияға келген Мейрамбек "осы жердегі ең күштісі кім" деген психиатор сауалына "мен ғой" деп жауап берді. Оны кім айтқанын білмек болған маманың сұрағына "бокстасып көреміз ба, көке" деп шықты.
Мамандар Мейрамбек ішкен дәрі мемелкеттік тіркеуден өтпеген, елімізге контрабандамен келген дейді. Заңгер алда бұл өнімнің контрабанда екені дәлелдеп, сатқан адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатынын айтады.
Жуырда Мейрамбекті Республикалық психикалық денсаулық ғылыми практикалық орталықтың психиатор мамандары тексеріп, баланың халі мүшкіл екенін, жедел ем-дом шараларын жүргізу керектігін айтқан.