Жарияланды: 330

Болашағы жоқ ауылдардың тұрғындары «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жаңа баспана алды

Болашағы жоқ деп танылған Байымбет, Қазантай және Жабағалы ауылдарында тұрып келген 4 жас отбасы Аққу аудан орталығынан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жаңа баспанаға ие болды, деп хабарланды Лебяжі ауданының әкімдігінен.

Аудан әкімінің орынбасары Алма Қасымова пәтер кілттерін табыс ете отырып, оларға аман-саулық пен еңбекте сәттілік тіледі. Қоныстанушылар мемлекеттік бағдарламаны сәтті іске асырып отырғаны үшін аудан басшылығына алғыстарын білдірді. Айта кетейік, Павлодар облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша болашағы жоқ ауылдардан экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге 430 отбасыны көшіру ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін