Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұйым мәліметінше, жаңа «мемлекеттік қызметшілер» санаты енгізіліп, олар үш жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істейді.
Түлектер халықаралық ұйымдарда еңбек ете алады. Үміткерлер уәждемелік хат ұсынуы тиіс, ал конкурстық іріктеуден өтпей қалғандар қайта өтінім бере алады. Оқуды аяқтаған соң стипендиаттар қорытынды жұмыс ұсынады. Шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетімен түскендер үшін шет тілінен сертификат талап етілмейді. Барлық өзгерістер іріктеуді жақсартуға бағытталған, — делінген мәліметте.