«Болашақ» бағдарламасы аясында оқығандар елге түгелдей оралып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Болашақ» бағдарламасы аясында оқығандар елге түгелдей оралып жатыр

«Болашақ» бағдарламасы аясында оқығандар елге түгелдей оралып жатыр

«Болашақ» бағдарламасы аясында оқығандар елге түгелдей оралып жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов мәлім етті.

  • 21 Сәуiр 2015
  • 313
Фото - Caravan.kz

«Шетелде қалып қойған «болашақтықтар»  алғашқы жылдарда болды. Біздің орталық құрылғаннан кейін мұндай жағдай мен мәлімет бізде болған жоқ. Атап айтқанда, барша стипендиаттар қайда оқып жатқандығын білеміз және олар елге қайта оралып  жатыр. Шарт бойынша олар Қазақстанда бес жыл жұмыс істеуі керек»,-деді орталық басшысы.

2012 жылдан бастап бағдарламаға қатысушылар үш тараптық келісімге қол қойып отырғандығын еске салып өткен Ғ. Нығметов, бұның аясында стипендиат елге келгенде оның жұмыс берушісі белгілі болатындығын, сондай-ақ жұмыс беруші қызмет орнын сақтап қалуға міндет алатындығын атап өтті.

«Стипендиаттың объективті себептермен бес жылдық міндетін орындай алмау фактілері өте аз. Шамамен екі адам. Міндетті орындай алмағандар барша қаражатты мемлекетке қайтарып беруі тиіс»,-деді ол.