“Болашақ” бағдарламасы бойынша білім алудан үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелері бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Болашақ” бағдарламасы бойынша білім алудан үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелері  бекітілді

“Болашақ” бағдарламасы бойынша білім алудан үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелері бекітілді

АСТАНА. 11-сәуір. Kazakhstan Today. Үкімет республика президентінің “Болашақ” халықаралық шәкіртақысын алудан үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелерін бекітті. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Азамат Әбдімомынов журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 11 Сәуiр 2006
  • 1895
Фото - Caravan.kz

Вице-министрдің айтуынша, біріншіден жас мөлшеріне шектеу қойылады. “Болашақ” бағдарламасынан үміткерлер 18 бен 35 жас аралығында болуға тиіс. “Бұл бірінші кезекте талапкердің іс-әрекетке қабілеттілігіне, сондай-ақ, біздің шетелдік әріптестеріміздің талаптарына байланысты”,- деді А.Әбдімомынов.

Екінші өзгеріс бойынша “Болашақ” шәкіртақысынан барлық үміткерлер қазақ тілінде эссе жазуға тиіс. “Менің ойымша, орыс мектептерге арналған бағдарлама болашақ талапкерлерге қазақ тілінде сапалы шығарма жазып шығуға мүмкіндік береді”,- деді вице-министр.

Оның айтуынша, үшінші жаңалық – докторантура мен аспирантурада оқығысы келетін үміткерлерге қойылатын талап болмақ. Олар шәкіртақыдан үміткер ретінде құжат тапсырмас бұрын шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыру алуға тиіс.

Сонымен бірге А.Әбдімомыновтың хабарлауынша, басымдық берілген мамандықтардың тізімі бекітілді. Оған «Халықаралық саудадағы экономика және құқық», «Технологиялар менеджменті», «Туризм», «Мейманхана бизнесі», «Халықаралық коммерциялық арбитраж», «Санаткерлік меншікті қорғау», «Актуарлық ғылымдар», «Фармакология», «Нанотехнологиялар» және т.б кірген.

“Болашақ” шәкіртақысынан үміткерлерден құжат қабылдау 2006-жылы екі ағынмен қабылданады. Жалпы орта білім игергені туралы аттестаты бар, орта кәсіби білімі немесе жоғары білім игергені туралы дипломы бар үміткерлер, сондай-ақ, жоғары оқу орындарында 1-3 курс аралығында оқып жатқан үміткерлерден 15-сәуір мен 15-мамыр аралығында құжат қабылданады. Басқа үміткерлердің құжаттары 15-қыркүйек пен 16-қазан арылығында қабылданады.

Перейти к новостям спорта