«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылды

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылды

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі қазан айының ортасына дейін ұзартылды. Бұйрыққа ҚР білім және ғы

  • 3 Қазан 2016
  • 539
Фото - Caravan.kz

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі қазан айының ортасына дейін ұзартылды.

Бұйрыққа ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бұйрыққа сәйкес «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі 14 қазанға дейін ұзартылды. Айта кетер болсақ, бұған дейін құжаттарды қабылдау 30 қыркүйекте аяқталған болатын.

Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, құжат «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 23 қыркүйекте жарияланған және күшіне енді.

2016 жылы «Болашақ» стипендиясына құжаттарды қабылдаудың екі кезеңі және олардың нәтижелері бойынша екі конкурстық іріктеу өткізілді. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия қорытындыларына сәйкес 313 стипендия тағайындалды. Олардың 199-ы магистратура, 18-і докторантура, 96-сы тағылымдама бағдарламалары бойынша.

Үміткерлер құжаттарды «электрондық үкімет» порталы, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма-қол тапсыра алады. «Болашақ» стипендиясы «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша тағайындалады.


Қазіргі таңда Халықаралық бағдарламалар орталығы құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі шеңберінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді тарту мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Еске салсақ, 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсу мүмкіндіктері кеңейтілді. Біріншіден, ағымдағы жылда 700 стипендия бөлінді, ол 2015 жылмен салыстырғанда 100 стипендияға артық. Екіншіден, конкурсқа құжаттарды қабылдау жеңілдетілді. Үшіншіден, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша оқу үшін жаңа санат енгізіліп, конкурстық рәсімдер жетілдірілді.