«Болашақ» бағдарламасының бірінші кезеңі аясында шетелге оқуға баратындар саны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Болашақ» бағдарламасының бірінші кезеңі аясында шетелге оқуға баратындар саны белгілі болды

«Болашақ» бағдарламасының бірінші кезеңі аясында шетелге оқуға баратындар саны белгілі болды

Бүгін Ақордада ҚР Мемлеткет хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

  • 20 Маусым 2016
  • 347
Фото - Caravan.kz


«Болашақ» бағдарламасы еліміздеге индустриалды-инновациялық даму міндеттеріне сәйкес жүргізіліп жатыр. Сол себепті, мамандарға қажетті сұранысты анықтауды ұдайы жетілдіре отырып, біз де осы комиссияда мамандарды даярлау жұмысын пысықтап жатырмыз. Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгілеген міндеттер бойынша халықаралық деңгейдегі отандық кәсіби мамандар пулын қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өткім келеді»,-деді Мемлекеттік хатшы. 
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың басынан бері бағдарлама ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған жаңа даму жоспары бойынша іске асырылуда, құжатта оны жаңартудың негізгі бағыттары белгіленген. 
«Осыған байланысты конкурстық іріктеу деңгейін жетілдіру бойынша нақты іс-шаралар қолға алынды. Биылдан бастап, үміткерлерге қойылатын шет тілін білу деңгейі, дипломның орташа балы және жұмыс өтіліне қатысты талаптар өзгертілді»,-деді Г. Әбдіқалықова. 
2016 жылғы 11 сәуірден 13 мамырға дейін құжаттар қабылдаудың бірінші, яғни көктемгі кезеңі өткізілді. Конкурсқа еліміздің барлық өңірлерінен 216 үміткер қатысты. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 137 үміткерге, оның ішінде 100 адамға магистратура бағдарламасы, 8 адамға докторантура бойынша, сондай-ақ 29 адамға тағыламдамадан өтуге стипендия тағайындалды. 
Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасын одан ары іске асыруға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.