«Болашақ» бағдарламасының жыл сайынғы халықаралық конференциясы жұмысын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Болашақ» бағдарламасының жыл сайынғы халықаралық конференциясы жұмысын бастады

«Болашақ» бағдарламасының жыл сайынғы халықаралық конференциясы жұмысын бастады

Бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Болашақ» бағдарламасының (BARCEF-2015) жыл сайынғы халықаралық конференциясын ашты.

  • 16 Қазан 2015
  • 407
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік хатшы конференцияға қатысушыларды бағдарламаны дамытудың жаңа бес жылдық жоспары аясында ұсынылған бастамаларды жан-жақты талқылауға шақырды. Конференция жұмысына Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылығы, отандық және халықаралық сарапшылар, «Болашақ» бағдарламасының серіктестері қатысуда.

Айта кетейік, BARCEF алаңы Орталық Азиядағы ірі білім көрмесі болып табылады. Жыл сайын ол шетелдік және отандық университеттердің, 4 000-нан астам қатысушыларының басын қосады.


BARCEF-2015 барысында әлемнің жетекші оқу орындары алдыңғы қатарлы модельдер мен оқу бағдарламаларын таныстырмақ.

Соңғы жаңалықтар