Олардың арасынан бакалавр деңгейінде білім игеруге 510, магистр дәрежесінен 934 , доктор дәрежесінен 102, аспирантурада оқуға 21, ординатурада оқуға 3 адам үміткер ретінде тіркелді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР президентінің халықаралық шәкіртақысын тағайындау жөніндегі «Болашақ» бағдарламасына сәйкес шетелдерде магистр және ғылым докторы (PhD) дәрежесінде білім алудан ниеті бар адамдардан құжаттарды қабылдау жұмысы 15-шілдеде аяқталады. Ал шетелдерде бакалавр және арнаулы жоғары білім игеруден үміткерлерден құжат қабылдау мерзімі 30-шілдеде аяқталады.