Стипендияға үміткерлер құжаттарын 19 наурыз бен 31 тамыз аралығында өткізулері керек, деп хабарлайды Zakon.kz. bolashak.gov.kz сайтына сілтеме жасап.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 86 «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрығына сәйкес «Болашақ» халықаралық стпендиясына құжаттар қабылдау 2018 жылғы 19 наурыз бен 31 тамыз аралығында іске асырылатынын және конкурстық іс-шаралар 2018 жылғы 26 наурыз бен 20 қазан аралығында өтеді.
Қазақстандықтар үшін білім саласындағы үкіметаралық келісім-шарттар негізінде шетелде тегін білім алудың мүмкіндіктері қарастырылған. Биылғы жылы түлектер үшін 10 000-ға жуық грант бөлінді. Қазіргі таңда Ресей, Қытай, Малайзия, Түркия және Польша университеттері гранттарына құжаттар қабылдау жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Үш айда 3 жақынынан айырылған Сәуле Әбединова қиындықты қалай жеңгенін айтып берді
Оралда қайтыс болған мұғалімнің туыстары «кешігіп келген» фельдшерді соққыға жықты
«Ананың орнын басқан Назарбаев»: балабақшадағы сәби жұртты күлкіге қарық қылды