Болашақ парламент қазіргіден де демократияшыл, әрі обьективті, әрі кәсіпқой парламет болатынына сенемін - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Болашақ парламент қазіргіден де демократияшыл, әрі обьективті, әрі кәсіпқой парламет болатынына сенемін - ҚР үкімет басшысы

Болашақ парламент қазіргіден де демократияшыл, әрі обьективті, әрі кәсіпқой парламет болатынына сенемін - ҚР үкімет басшысы

"Болашақ парламент қазіргіден де демократияшыл, әрі обьективті, әрі кәсіпқой парламет болады дегенге сенемін". Бұл туралы бүгін, 5-ақпанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Ақпан 2004
  • 954
Фото - Caravan.kz

Парламент пен үкіметтің бірлескен жұмыс қорытындысына түсініктеме берген үкімет басшысы: «үкімет денініміз періштедей кіршіксіз, ешбір қателік шығармайтын данагөй деп айта алмаймын. Парламентке жақсы ойластырылған, сапалы заңдар енгізетін кездеріміз де, сын көтермейтін, толықтыруды талап ететін шикі заңдар енгізіп, шалағайлық жасайтын тұстарымыз да баршылық»,- деді.

Үкімет басшысының пайымдауынша, «бұның ешбір сөкеттігі жоқ». «Бұл парламент пен үкімет арасындағы шығармашылық қарым-қатынас процессінде кездесетін жайт»,- деді Д.Ахметов.
Үкімет мүшелеріне қойылатын басты талап, үкімет басшысының айтуынша, «парламентпен екі арада конструктивті қарым-қатынас орнатып, депутаттар тарапынан түсіністік табу және олар да өзіміздің әріптестер дегенді ұғыну» болмақ.
Сондай-ақ, үкімет басшысы үкіметтің 2004-жылы парламенттің қарауына бірқатар заң жобаларын ұсынуға ниеті бар екенін жеткізді. Атап айтсақ, Салық кодексіне жекелеген еөзгертулер енгізу туралы, экологиялық шаралар туралы, сондай-ақ, ауылшаруашылығы саласындағы бірқатар заңдар жобасы ұсынылмақшы.
Үкімет басшысының айтуынша, бір сөзбен айтқанда, «заң шығару тұрғысында, әдеттегідей, күнделікті қарбалас жұмыстар жалғаса бермек» .

Соңғы жаңалықтар