«Болашақ» Қауымдастығы кеңесінің жаңа құрамын Б.Байбек басқарды
![]() |
Астанада Тәуелсіздік күні қарсаңында «Болашақ» Қауымдастығы кеңесіне сайлау өтті. |
Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз қызметінен мәлім етті. Кеңестің жаңа құрамы қауымдастықтың жалпы жиналысында анықталды.
Кеңеске өзінің кандидатураларын қауымдастықтың 18 мүшесі ұсынды, дауыс беруге 122 адам қатысты.
Сайлау нәтижесінде қауымдастық кеңесінің мүшелері келесілер болды: ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі жоспарлау және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі Дәрмен Сәдуақасов, Экономикалық даму және сауда вице-министрі Мадина Әбілқасымова, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев, «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның басқарушы директоры Мағжан Әуезов, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қанат Сәрсембаев, «Enterra+» жобалау-талдау тобының басшысы Жанна Төлегенова, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарушы директоры Жұматай Сәлімов, «ENRC Kazakhstan» ЖШС бас менеджері Дастан Аспан, «Ақыл-кеңес Консалтинг» ЖШС директоры Дәуіржан Ауғамбай, SAP Kazakhstan өкілі Арман Нұрұшев, «Ресей Жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Шухрат Садыров, «Стратеджи Партнерс Групптың» Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Азат Машамбаев, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның аға менеджері Қуат Сағынтаев және «BCC Invest» АҚ қаржы директорының орынбасары Рүстем Қарымов.
Қауымдастық кеңесінің төрағасы болып Бауыржан Байбек сайланды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін